Қызықты деректер

* «@» белгісі әу баста ғаламтор үшін ойлап табылмаған. Оны сонау Ренессанс дәуірінде 12-13 келіге тең салмақ өлшемі ретінде қолданған.

* Круассан – Францияның ұлттық нышанына айналған тағам. Алайда оны ең алғаш Венада, түріктерді жеңген австриялықтар түрік туындағы жарты айға қарап әзірлеген.

* Таиланд астанасының толық ресми атауы 152 әріптен тұрады. Яғни, Крунг Тхеп Маханакхон Амон Раттанакосин Махинтараюттхая Махадилок Пхоп Ноппарат Ратчатхани Буриром Удомратчанивет Махасатан Амон Пиман Аватан Сатит Саккатхаттийя Витсанукам Прасит атауы қытай тілінде бөлінбей жазылады.

* Найзағай тартқышты АҚШ-тың іргесін қалаған президенттердің бірі Бенджамин Франклин 1752 жылы ойлап тапқан.

* Шеге адамзатқа бес мың жылға жуық уақыттан бері белгілі. Айталық, Месопотамиядағы Ур қаласында біздің дәуірімізге дейінгі 3000-шы жылдары шегені темір қалқандарды біріктіру үшін қолданған.

* Аквариумдағы балықтың есте сақтау ұзақтығы — 10 секунд. Яғни, аквариумның ішін екі рет жүзіп өтіп, жаңа өмір бастай беруіне болады.

* Алғашқы бу машинасын біз білетіндей 1711 жылы ағылшын өнертапқышы Томас Ньюкомен емес, одан 1600 жыл бұрын мысырлық Херон деген біреу ойлап тапқан. Өкінішке орай, ол кезде бұл машинаның тиімділігі дұрыс бағаланбай, қолданысқа енбей қалған.

* 1911 жылы АҚШ Конгресі шығарған заң бойынша, аэропланмен ұшу өзін-өзі өлтіру әрекетімен тең саналған және ол үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

* Австралиядағы қояндардың саны Қытайдағы адамдардан көп.

* «Омега» әрпін айтқанда екпінді соңғы «а» әрпіне салу керек.

* Италия заңы бойынша, бормен асфальтқа сурет салу – кедейліктің белгісі.

* Мысықтар итке қарағанда иісті екі есе жақсы айырады.

* Бегемоттың сүті алқызыл түсті келеді.

* Топырақты зерттеу ғылымы паедология деп аталады.

* Бирмада тіркелмеген компьютері бар адам 15 жылға сотталады.

* Жер бетіндегі ең үлкен қоянның бойы – 1 м 20 см.

* Мысықтан қорқу дерті айлурофобия деп аталады. Бұл дерт Наполеонда да болған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.