Қызыл қыстырғыш
Канададағы Киплинг қаласында орналасқан Paperclip Cottage дәмханасы – бір жігіттің табыс хикаясынан сыр шертетін тарихи орын. Дәмхананың алдындағы қызыл қыстырғыш ескерткіші – сол оқиғаның басты кейіпкері.
2005 жылы пәтер жалдаудан шаршаған Кайл Макдональд есімді жігіт жеке үйім болса деп армандайды. Шарасыздықтан ол әлеуметтік желі арқылы бір затты одан қымбатына ауыстыратын ойын ойнауды бастайды. Бәрі қарапайым қыстырғыштан басталып, 14 сатылы айырбастан өткен соң, Кайл бір жылдан кейін өзінің жеке үйіне қол жеткізеді. Ол үй кейін дәмханаға айналдырылып, «Қызыл қыстырғыш» деген атауға ие болады.