М.БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты: Өкiнiшке орай нақты жауап жоқ

Қоғамда, бизнес ортада арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі туралы әр алуан  пікірталас бар. Өйткені арнайы экономикалық аймақтың қызметінің тиімділігі туралы мәлімет  жоқтың қасы. Басқарушы компаниялардың есептері арнайы сайттарда жарияланбайды. Осы кезге дейін еліміздегі арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымына 283 млрд. теңге бюджет қаржысы жұмсалып, оның бюджетке небәрі 112 млрд. теңге яғни 40 %-ы салық ретінде қайтарылды.  Осыдан мына­дай сұрақтар туындайды: Осы кезге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтар экономикамызға не берді? Олар экономикалық өсім көрсететін салаға айнала алды ма? Үкімет олардың жұмысын тұжырымдамалық түрде саралап қорытынды жасады ма? Өкінішке орай нақты жауап жоқ.

Abai.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.