М.Бақтиярұлы, Сенат депутаты: Зейнетақы қорының кiрiсi өте төмен
Мені қайран қалдыратын үш мәселе бар. Біріншіден, бұл Қазақстан халқының бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры деп аталады. Яғни, халықтың қаржысы. Ал зейнетақы қорының кірісі өте төмен. Инфляция жұтып жатыр. Ол дегеніңіз әрбір Қазақстан азаматының сеніп берген ақшасы ғой. Ол сол азаматардың ертеңгі пенсиясы.Осы қаржыны қорға емес, банктерге депозит ретінде салсақ бізге тиімдірек болар еді. Бір азамат банктегі депозитке 1 миллион салса, жылына 120 мыңнан көп кіріс көреді екен. Бұл дегеніңіз, қазіргі қордағы кірістен 3-4 есеге үлкен.
Екіншіден, қордың шығыны көп. 1 адамға жылына 17 миллион теңге жұмсалады. Ол деген әлгі қызметкердің жалақысы, оның кеңсесі, оның керек-жарағы, оның іс-сапар шығындары т.б.
Үшіншіден, Қазақстанда экономикалық белсенді, яғни еңбекке қабілетті адам саны 10 миллионды құраса, оның 6 миллионға жуығы зейнетақы қорына салым салады. Айлығының 10 пайызын. Ал тұрақты түрде жылдың 12 айында салым салып отырған адам саны 1,4 миллионды құрайды. Қалғандары жылына 1-2 рет қана салым салады. Сондықтан бұл үшінші мәселе. Кіріс өте төмен.
qazaquni.kz
«Қазақстан жолы» газеті, №36 (681), 29.09.2018 жыл.