М.БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты: Жұрт жемқорлықтан зәрезап болған

Ұлтымызда болмаған жат әрекет қанымызға сіңіп кетті. Осыдан 22 жыл бұрын алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң қабылданған еді. Өкінішке қарай, жат әрекетке заң да кедергі бола алмады. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншісі – заңның сол­қылдақтығы. Айталық, миллиондаған теңгені жымқырған азамат ұсталады. Бірақ ұрланған қаражатты айыппұлымен қайтарған кісі босатылады. Бұл мәселе кезінде парламентте көтеріліп, осал тұсымыз осы екендігі айтылған. Мемлекет мүлкін ұрлаған адам міндетті түрде соған сай жазалануы тиіс. Тіпті керек болса, өмір бойына түрмеге тоғытылғаны жөн.

Екінші бір мәселе – сөз бен істің арасындағы айырмашылық. Жоғарыдан жақсы тапсырма беріледі. Бірақ ол орындалмайды. Жемқорлық дендеген бірден-бір сала – мемлекеттік органдар. Оның ішінде сатып алу – тендер мәселесі былыққа айналды. Оны бәріміз білеміз. Бұл әлі күнге тоқтамай тұр. Тоқтамайтын себебі, жемқор көп кешікпей құтылып кететінін біледі. Ал ондайларды халық алдында масқаралау деген бізде жоқ.

Осыны жою үшін заңды күшейту керек. Қазір біз ел аралап жүрміз. Жұрт жемқорлықтан зәрезап болған.

jasqazaq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.