М.ШАХАНОВ: Бұл – ұлттық мәселе

“Атажұрт еріктілері” қоғамдық  ұйымының  атқарған жұмысынан гөрі дақпырты көп. Ішкі дау-дамайлары да оралмандарды жік-жікке бөлгенін көзіміз көріп отыр. Бір-бірін орынсыз қаралау, ғайбаттау, өздеріне тілеулес болмағандарға кінә арту бұл ұйым тарапынан күн санап өрістеп барады. Соның салдарынан қазір оралмандар бір-біріне күдікпен қарайтын, ал оралмандар десе жергілікті халықтың көңіліне күдік ұялайтын жағдайға жетті. Ал мұндай дау-дамайдың мемлекетіміз жүргізіп отырған көші-қон саясатына кері әсер етері күмәнсіз. Сондықтан көші-қон мәселесін қоғамдық ұйымдар емес, биліктің өзі шешкені жөн деп білеміз.

Жалпы оралмандар мәселесі кім көрінгеннің өздеріне ұпай жинайтын жері емес екендігін кімге де болсын ескертеміз. Бұл – ұлттық мәселе. Сондықтан бұл мәселені билік назарына ұсыну – біздің борышымыз.

«D»

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.