М.ТАЙЖАН: Қарызсыз, әділетті мемлекет болуы керек

Қазір халыққа нақты іс керек, нақты нәтиже керек. Маған да құр сөз, бос жиынның түк те қажеті жоқ.

Қазіргі таңда Қазақстанға реформа керек, бізге модернизация керек. Өйткені халыққа жұмыс керек, халыққа күнкөріс керек, халыққа баспана керек. Соңғы уақытта соттар әділетсіз болып кетті, жемқорлық көп болып кетті, сыртқы қарызымыз көп болып кетті. Енді біз келесі ұрпаққа, келесі буынға мүлдем басқа мемлекетті қалдырып кетуіміз керек. Қарызсыз, әділетті мемлекет болуы керек. Барлық халыққа тең мүмкіндік болуы керек. Осындай мемлекетті құрып, мен өз балаларыма әділетті мемлекетті қалдырып кетуім керек. Әйтпесе, өмірдің мәні жоқ, әйтпесе өмір бос кетті деген сөз.

Экономика тақырыбына келер болсақ, мемлекеттік шығындар өте көп, азайтуымыз керек. Мемлекеттік сектор экономиканы ұстап тұр, осындай үлкен мемсектор болатын болса, ел ешқашан дамымайды. Шағын, орта бизнес дамымайды, қозғайтын тақырып өте көп. Бізге мықты тәуелсіз сот жүйесі керек. Сот жүйесі мықты болмаса, инвестиция ешқашан келмейді. Инвестиция келмесе, жұмыс орындары болмайды.Біз ұлттық кеңесте емес, мәжілісте отыруымыз керек. Мәжілісте отыру үшін маған жаңа партия керек. Қазір ондай мүмкіндік жоқ.

caravan.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.