МАҚТААРАЛ АУДАНЫ АРЫС ҚАЛАСЫМЕН БІРГЕ!

Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайларға байланысты Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның шұғыл түрде отырысы өткізіліп, арнайы штабы құрылды.

Штаб таңертеңнен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 2 өрт сөндіру бекеттерінен жалпы саны 20 қызметкерді және түскі уақытта «Атакент» аудандық ауруханасынан 2 санитарлық автокөлік пен құрамында 2 дәрігер, 5 фельдшері бар ұжымды оқиға орнына аттандырды.

Мұнан соң аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған арнайы топ көмек қолын созу үшін Арыс қаласы, Монтайтас елді мекеніндегі «Монтайтас» жалпы орта мектебінде орналасқан тұрғындарды жайғастыру бекетіне жетіп барды.

1 автобус, 1 жүк көлігі, 1 санитарлық автокөлік және 4 дәрігер-писхологы, аудандық құтқару командасы жеке құрамының 15 азаматы бар мобильді фтоп қазіргі уақытта арыстықтарға барынша көмек көрсетуде.

Жалпы камаз жүк көлігімен 600-700 адамға есептелген азық-түлік, 1000 дана нан мен 300 блок ауыз су және 4 дана палатка жіберілген болатын. Алдағы уақытта қажетіне қарай мұндай көмектер қосымша көрсетілетін болады

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.