МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі «Достық» мәдениет үйінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жиын барысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіби оқуын аяқтаған 127 азаматқа өз мамандықтарының кәсіби иесі ретінде куәліктері салтанатты түрде табысталды.

Олар қазіргі таңда өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын жүргізіп жатыр. Салтанатты жиынға «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының орынбасары Досым Асабаев, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Адил Джумадиллаев, «АСУ-KZ» ЖШС орталығының директоры Ораз Досмухаммед, «Deluxe Group & GO» ЖШС орталығының директоры Кетпен Жандос, «Рахат-Нар» ЖШС оқу орталғының директоры Рахат Нарбекова, «Lara» оқу орталығының директоры Ақмарал Асильбекова және жаңадан кәсіпкер атанған азаматтар қатысты.

Аудан көлемінде ұйымдастырылған жәрмеңкеде бағдарламаның үшінші бағыты «Еңбек ресуртарының ұтқырлығын арттыру» бойынша жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіру арқылы жұмысқа орналастыру бойынша Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлеріндегі бос жұмыс орындардың тізімі және бағдарламадан тыс ауданда жаңадан ашылған жұмыс орындары халық назарына ұсынылды.

Жиын барысында 2019 жылы көшу арқылы жұмысқа орналасқан отбасыларға, мемлекет тарапынан жасалған жағдай жөнінде таныстырылды. Сонымен қатар, ауданда пробация есебінде тұрған азаматтарға, халықты жұмыспен қамту орталығы мен аудандық пробация қызметі бірлесіп атқарған жұмыстар жүйесі жөнінде және ағымдағы жылы жаңадан ашылған пробация үйінде көрсетілетін қызметтер мен пробация орталығының іс барысы туралы түсіндіріліп, аталған санаттағы азаматтарға және аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қаралған бос жұмыс орындары да ұсынылды.

Қазіргі таңда ауданда пробация есебінде тұрған 30 азаматқа және 120 мүмкіндігі шектеулі азаматқа бағдарлама шеңберінде және «Халықты жұмыспен қамту» Заңына сәйкес, жұмыспен қамту шаралары көрсетілгендігі туралы түсіндіріліп, алдағы уақытта аталған санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспары хабарландырылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.