МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29, 30 баптарына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың өкімімен Дүйсенбеков Ғалым Мырзаханұлы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары С.Сұлтанханов ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырып, орынтағына жайғастырды. Ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының локомотиві екенін есіне салып, алда атқарар шаруалар мен бағындырар белестер көп екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі.

Ғалым Дүйсенбеков 1984 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Фермерлік менеджер» мамандығы бойынша, 2015 жылы Сырдария университетін «Құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Мақтаарал ауданы Ынтымақ ауылдық округінің жетекші маман — жер инспекторының міндетін атқарушы болып бастаған. Кейіннен ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінде жетекші маман, бас маман, сектор меңгерушісі қызметтерінде тәжірибесін арттырып, Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары дәрежесіне дейін көтерілді.

2017 жылы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы болып қызметін жалғастырды.

Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Жетісай ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы болған.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.