МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ӨҢІРДЕГІ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Оспанов Берік Серікұлы «Оңтүстік» Индустриалды аймағында орналасқан «ЮгРегионПласт» және «ХАЛИФ & COMPANY» ЖШС-ның жұмыстарымен танысты.

«ЮгРегионПласт» компаниясы 2011 жылы құрылған. Компания «Бизнестің жол картасы 2020» және «2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы» бағдарламаларының қатысушысы болып табылады. Қазіргі уақытта ЮгРегионПласт компаниясы Қазақстан нарығында жұмыс істейтін заманауи кәсіпорын.
Компания қызметінің негізгі бағыттары-полипропилен парағын шығару және пластиктен түрлі бұйымдар шығару.

«ХАЛИФ & COMPANY» компаниясы өнеркәсіптік нысандарды салуға маманданған. Компания алынған тапсырыстарды орындау үшін қажетті материалдық-техникалық жабдықтар мен тәжірибелі жұмысшылар штатына ие. Барлық жұмыстар шартқа, сметаға және келісілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Мәжіліс депутаты Берік Серікұлы компаниялардың жұмысына оң бағасын беріп, жұмысшылар көтерген бірқатар мәселелерді шешуге атсалысатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.