МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Бекжанов Берік Айдарбекұлы Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында Абай ауданы, Солтүстік — Батыс шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Н.Анарбеков, А.Жұмақұлова, Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев және жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шағын аудан тұрғындары халық қалаулыларымен болған ашық сұқбатта интернет желісі, жол мәселесі мен аялдама орнату бойынша өрбіді.

Халықтың сұрағына нақты жауап берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты өткен жылы Абай ауданы бойынша үш көше жөнделсе, осы жылы 7 көшеге асфальт төселетінін атап өтті.
Сонымен қатар, шағын ауданды сапалы интернетпен қамту үшін жыл соңына дейін талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті.
Айта кетсек, жалпы шағын ауданда 6355 отбасы тұрады. Елді мекен тұрғындары толығымен ауыз сумен, табиғи газбен және сапалы электр жарығымен қамтылған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.