Медициналық көмектегі инфекциялар

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (МККИ) (ауру­ха­налық, госпитальдық, госпиталішілік, нозокомиальдық) – медицина мекемесіндегі жұмысқа байланысты болатын жұқпалы аурулар.

МККИ қоздырушылар, патогенді микроорганизмдер, шартты  патогенді микроорганизмдер, несеп жолдары инфекциялары, қан арнасы инфекциялары және басқа орындар инфекциялары. Қоздырғыштар арасында стафилококктар, стрептококктар, грам-теріс бактериялар басым, псевдомонадтар, легионеллалар, ротавирустар, цитомегаловирустар, т.б. тудырады.

МККИ-дің алдын алу үшін әрбір медициналық ұйымда инфекциялық бақылау бағдарламасы әзірленеді:

1)  МККИ-ды есепке алу мен тіркеуді;

2)  МККИ-мен сырқат­танушылықты талдауды, МККИ-дың белең алуын тексеруді және шаралар қабылдауды;

3)   микробиологиялық мониторингті ұйымдастыруды;

4) антибиотикалық-профилактикалық терапия тәсілдерін әзірлеуді;

5)  кәсіптік аурулардың алдын алуды ұйымдастыруды;

6) инфекциялық бақылауды персоналды оқытуды;

7) санитариялық-эпидемияға қарсы режимді бақылауды;

8) медициналық қалдықтарды зарарсыздандыруды және кәдеге жаратуды ұйымдастыруды көздейді.

МККИ жағдайларын уақтылы анықтау, тіркеу мақсатында емдеуші дәрігерлер МККИ жағдайларын белсенді анықтауға тырысады. Инфекциялық бақылау жөніндегі маман нозокоминальды инфекцияның даму тәуекелі жоғары денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелеріне аптасына кемінде екі рет клиникалық тексеріп аралауға қатысады, зертханалық тексеру нәтижелерін, температуралық парақтар деректерін, ауру тарихындағы антибактериальдық терапияның тағайындалуын (ауысу, күшейту), патоло­гиялық-анатомиялық бөлімше есептерін талдайды.

А.Избасарова,

Қаратау ауданы

 ҚДСБ бөлім басшысы                    

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.