Мегаполис тұрғындарының мәселесі шешілуде

Қала әкімінің тұрғындармен кездесу барысында көтерілген мәселелер оң шешімін табуда.

Бүгін «Тұрдыабад» тұрғын алабында ағымдағы жылды атқарылып жатқан жұмыстар тізбектелді. Атап айтқанда:

* Сүзік Ата көшесіне фреза қалдықтары төселіп, көше ретке келтірілді.

*Қазіргі уақытта «А Мерей и К» ЖШС-і тарапынан жекеменшік жүйедегі 484 абонентке жаңадан электр желілерінің, электр бағаналары мен сымдарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарды абоненттеу аяқталуда.

* Халық қатысатын бюджет жобасы аясында Жаңақұрылыс көшесіне балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізіліп ел игілігіне тапсырылды.

*Н.Ризаев және Жаңақұрылыс көшелерінің топырақ жолына  шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

*Сонымен қатар, Е.Исраилов көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жоспарға енгізілді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.