Мемлекет тарапынан берілетін үйді кезектен тыс алып беремін деп, ақша алған алаяқ анықталды

  2021 жылдың 30-маусымында Қаратау АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша мемлекет тарапынан берілетін үйді кезектен тыс алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 500 000 теңгесін алып кеткенін көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізді. Ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.