МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оның туындауына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға, сондай-ақ жемқорлықтың алғышарттарын жоюға ерекше назар аударып келеді.

Осы орайда, бүгін Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша басқармасының басшысы Сапар Жантөреевтың қатысуымен Шардара аудандық әкімдігінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексінің 200-бабы негізінде қылмыстық құқықбұзушылықтар мен басқа да заңбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою жөнінде жиын өтті.

Кездесу барысында Шардара ауданы, Шардара қаласы, «Шардара — Абай тас жолы бойындағы Төрт қақпа кешенін абаттандыру жұмыстары» құрылыс нысаны бойынша мемлекет қаржысын талан-таражға салу дерегімен қозғалған қылмыстық іс бойынша жолданған ұсыныс қаралды.

Сапар Ниятуллаұлы Шардара ауданы, Шардара қаласы әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық процестік Кодексінің 200-бабына сәйкес, өндірістен аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдарға жолданған қылмыстық бұзушылықтар және басқа да бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстар туралы кеңінен баяндап өтті.

Жиынды қорытындылаған С.Жантөреев сеніп тапсырылған міндетті жоғары абыроймен атқаруға үндеп, адамдық қалыптарына кір келтірмеуге шақырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.