Мен әншімін! Қазақ елінде тың жоба!

31- арна «I’m a singer»  жобасына кастинг жариялады. Бұл жоба – 31 арнадағы ең қызықты, шабытандыратын, еліктіретін ерекше форматтағы халықаралық талант шоу. Шоудың басты сыйлығы-Димаштың табысын қайталып, әлемге танымал болу деп хабарлайды 31 арна.

Айта кетелік, осы жылы Қытайда өткен «I’m a singer»   жобасына Қазақстанның атынан Димаш Құдайбергенов барып, өзінің өнерімен бүкіл әлемді тәнті еткен болатын. Сол жобадан кейін біздің Димаш тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің сүйіктісіне айналды.

Бүгінде Қазақстанның №1 жұлдызы Димаш Құдайберген шоудың қытайлық нұсқасының екінші жүлдесін жеңіп алды. Енді қазақ елінде өтетін бұл жобаға қатысушылардың Олимп төрінен ойып тұрып орын алуы ықтимал! «Талантыңды әлем танысын» деген мақсатпен ұйымдасытырылып отырған жобаны қолдаймыз дегіміз келеді.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.