Миллионмен бірге жарқырайық!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Халық саны 1 миллионды еңсерген Шымкент қаласының даталы мерекесін атап өту орайында көпшілік тұрғындардың қатысуымен, «Миллионмен бірге жарқырайық!» тақырыбында кең ауқымды флэш-моб ұйымдастырылмақ. Шара барысында бір мезетте мыңдаған қалта шамдарын жағу арқылы тұрғындар туған қаласына деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін білдірмек. Осыған орай, қала аумағы бойынша аталған уақыт мерзімінде электр энергиясы бір сәтке тоқтатылады.  Өз кезегінде, бір сәтке қаланы электр көзінен ажырату 1 млн. киловаттық электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Негізгі іс-шара Наурыз алаңында өтеді.

Осы орайда, біз қала тұрғындарын 08.06.2018 жылы сағат 22.00-де өтетін салтанатты шараға белсене қатысуға шақырамыз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.