Мiне, осы бiздiң ұлттық идеология болу керек
Е.Рақышев, режиссер:
Тiлiмiздi тұғырына қондырып, рухымызды көтерiп, ұлттық
құндылықтарымызды қайта жан дан дыратын, қазақ елiн жемқорлық, сатқындық, азғындық сияқты дерт терден арылтатын күш керек. Бiрлiк болу үшiн «алға, алға» деп, далақтап шаба бермей, қарапайым халыққа қарай бет бұру керек. Халықпен санасып, ойлы да, бiлiмдi, ұлтжанды азаматтармен тiзе қосып қимылдағанда ғана бiрлiк баянды, сонда ғана дағдарыстың зардабы әлдеқайда жеңiл болады. Осы сияқты жолмен жүрген Оңтүстiк Корея, Сингапур, Малайзия сияқты мемлекеттер «Азия барыстарына» айналды. Естерiңiзде болса, бiз де бiр кезде «барыс» боламыз деп талпынған едiк. Бiрақ бiздiң барысымыз «Қызыл кiтапқа» кiрiп, жоғалып кеттi ме, түсiнбей қалдық қой.
Менiңше, бүгiнгi қазақтың ұлттық идеологиясы – жаңа ұлт қалыптастырып, өркениеттi, дамыған ел болу. Мiне, осы бiздiң ұлттық идеология болу керек .
«д»