Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты: … департаментті басқарған жылдары оған қатысты 16 іс қаралған

Соңғы кезде министрлік білім және ғылым салаларының алдында тұрған үлкен міндеттерді шешудің орнына өзара қақтығыстардың объектісіне айналған сияқты.

Бір ай бұрын білім және ғылым министрлігі әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекованың Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика университетінің ректоры болып тағайындалды.

Қайырбекова министрлікте істеген кезде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданып, бірнеше вице-министрмен айтыс-тартысқа түскен еді. Қайырбекова департаментті басқарған жылдары оған қатысты 16 іс қаралған.

Барлық шағым мен заңды бұзу процестері қазіргі уақытта аяқталды ма? Немесе шағымдар қазіргі күнге дейін сотта қаралып жатыр ма, әлде бұл адам толық ақталды ма? Жоғарыда баяндалған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерге қарамастан, мұндай тұлғаны университеттің басшылық лауазымына тағайындау қаншалықты заңды және қаншалықты әдеп нормаларына сәйкес келеді?

Басшылық лауазымға мінсіз, кіршіксіз абыройы бар адамдар тағайындалуы тиіс. Бұдан бөлек, сенатор Оңтүстік Қазақстан университетінің ректорын тағайындау рәсімі Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес келетініне  күмәнім бар.

Бірдей сұрақтарды шешуде әртүрлі тәсіл қолдану, менің ойымша, сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін жағдай.

Әкімшілік шешімдер қабылдауда қоғам алдында ашықтық қағидаттарын нақты сақтау қажет.

sputniknews.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.