Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты: Үйлердің көбі апаттық жағдайда

Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр ауылдық округінде 2010 жылы 276 отбасы үшін 138 екі пәтерлі тұрғын үй салып, шетелдерден көшіп келген қандастарымызға пайдалануға берілген.

Алайда үйлердің қабырғасы қомақты қаржы бөліне тұра солтүстіктің 40 градус аязына мүлдем шыдас бермейтін гипсокартон, пеноплекс, панельден, пескоблоктан салынған. Барлық үйде дерлік іргетас жоқ. Едені ажырап кеткен. Қабырғасы өте жұқа, арасы қуыс. Тұрғындар қыста тоңып, үйде тұру мүмкіндігі болмағандықтан, туыстарының үйінде тұруға мәжбүр. Үйлерді қалпына келтіру үшін тұрғындар өз қаражатынан жылда жөндеу жұмысын жүргізеді екен. Соңғы уақытта кейбір үйлердің төбесі құлап, жөндеу жұмысын жасауға мүмкіндіктерінің жоқтығы анықталды. Үйлердің көбі апаттық жағдайда.

jasqazaq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.