…мысықтабандап еніп келеді

Рахым АЙЫПҰЛЫ, қоғам белсендісі:

Қытайдың Қазақстан экономикасындағы ықпалының айтарлықтай үлкен екендігін жұрттың бәрі біледі. Еліміздегі бір ғана мұнай мен газдың үштен бірі осы елдің уысында. Қаржы және көлік тасымалы қатарлы стратегиялық маңызды салаларға да мысық табандап еніп келеді. Ауыл шаруашылығын қарқынды игеру жобасы – жерді шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру жоспарының ел азаматтары тарапынан жаппай қарсылыққа тап болуы себепті уақытша бөгеліп тұр. Біздің БАҚ қайдағы біреулердің ажырасуы мен қайта үйленуі туралы күн құрғатпай хабар беруден жалықпайды. Керісінше, елдің қауіпсіздігі мен болашағына қатысты осындай ақпарлар беруге келгенде – тым сараң. Сонда Қытайдың осы 51 кәсіпорнының Қазақстанға көшірілуі мемлекеттік құпия санатына жата ма?

«Д»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.