Н.АЙТҰЛЫ, ақын: Бiзде қазiр парақорлық жайлаған жүйе

Сырттағы елді жинап алу мәселесі бізде баяу жүріп жатыр. Олар келмей болмайды. Ал шеттен келген қандастар бейімделіп кеткенше, өте ауыр жағдайы бастан кешіреді. Бізде қазір парақорлық жайлаған жүйе. Сырттан жаңа келген ағайыннан анау алыстағы ауыл әкімінен бастап пара тілейді. Елге енді ғана келген олар несін береді? Оған шыдай алмайды. Жасыратыны жоқ, біздің қол-аяғымызды жемқорлық матап отыр. Егер бізде ол жоқ болса, Президент жемқорлыққа қарсы қаулы шығармайды ғой. Жемқорлық жайлаған елде шеттен келген адам тез бейімделіп кетеді дегенге кім сенеді? Оны қойып, осы жерде туып-өскен шағын бизнестегілер зар қақсап отыр.

                                                  «ХС»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.