Н.Нығматулин, Мәжіліс төрағасы: Медициналық мекемелерде де сондай жағдай
Қазір бірқатар аурухана, мектептерде де демпинг бағамен алынған тамақтар сапасыз.
Ертең əскери мекемелерде де осындай жағдай болуы мүмкін. Сондықтан бұны біз дұрыстап қарауымыз керек. Мектептерде, ауруханаларда, əскери орындарда ешқашан демпинг бағаны қолдауға болмайды. Себебі осы мекемелердің барлығында не болып жатқанын қараңыздар. Мектептерде баға – демпинг, бұнда қандай сапа, қандай балалардың денсаулығы туралы айтуға болады? Медициналық мекемелерде де сондай жағдай. Қажет болса, осы санаттарды, яғни мектептерді, медициналық мекемелерді, əскери бөлімшелерді шығарайық не ерекше тәртіпке көшірейік.
Baq.kz
«Қазақстан жолы» газеті, №38 (683) 13.10.2018 жыл.