Н.НЫҒМАТУЛИН, Мәжіліс төрағасы: Жаңа ереже әзiрлеңiздер
Жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеріс өткізу ережелерін қайта қарастыру қажет. Азаматтар сегіз маманның алдынан өтіп, жеті анализ тапсыруы тиіс дейсіздер. Жүргізуші емес, ғарышкерлер дайындап жатқан сияқтысыңдар құдды. Кейбір көрсеткіштер бойынша тестілеуден өткізу жеткілікті, көру, есту қабілеті деген сияқты. Оңтайландырып, ұсыныстар енгізіңіздер. Адамдар анализ тапсыру үшін ұзын-сонар кезекке тұратынын білесіздер. Медициналық тексерісті өткізу ережелерін қайта қарау керек. Олар 6-10 жыл бұрын бекітілген. Адамдарға ыңғайлы болатындай жағдай жасау керек. Айтуға ұят, адамдарды бір кезектен екіншісіне айдайды. Анализдердің бәрі адам төзгісіз жағдайда жиналады. Ол жерге егде жастағы адамдар да барады. Жаңа ереже әзірлеңіздер.
sputniknews.kz