Н.Нығматулин мемлекеттік органдарды сырттан қарыз алмауға шақырды

Мәжілісте палата спикері Н.Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты заңнамалық өзгерістер екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Вaq.kz  тілшісіне сілтеме  жасап  Kazgazeta.kz.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі кілті квазимемлекеттік сектор өкілдерін сыртқы өзара байланыстарға тартуға қатысты норма болды.

Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, заң жобасын екінші оқылымда қарау барысында спикер Мемлекет басшысының бюджет қаржысын тиімді пайдалану туралы тапсырмаларына айырықша назар аударды.

«Елбасы бюджет қаржысын тиімді пайдалануды тапсырып отыр»,- деді Н. Нығматулин.

Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы сыртқы қарыздар тыңғылықты есептелуі керектігін атап өтті.

«Өзермеуге тиісті бір қағида: қарыз аларда бәрін есептеп шығу қажет. Сіз бен біз қор барын және оның резерві пайдаланылмағанын білеміз. Біз бюджетті қарағанда кейбір мемлекеттік органдар миллардтаған қаржыны игермегенін көреміз. Солай бола тұра сол мемлекеттік орган сырттан қарыз алуға тырысады. Қарыз алмастан бұрын мүмкіндікті пайдаланған дұрыс. Біз Үкіметті жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды жүзеге асырғанда мұқият әрі жауапты қарауға шақырамыз»,- деді Н.Нығматулин.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.