Н.САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты: Әкiмдердiң жауапкершiлiгi болуы керек…

Мемлекеттік сатып алу дейді. Тендер өткізеді. Ол жерде әрбірінің өз мүддесі бар. Мысалы, атқарушы органдардың біреуі 5 пайыз алса, енді бірі 10 пайыз сұрайды. Жасыратын ештеңесі жоқ, барлық өңірде бар. Бізге бөгет болып отырған – жемқорлық. Жемқорлықтан арылсақ, мемлекеттен бөліп жатқан қаражатты толық барлық жерге жеткізуге болады. Мүмкіндік бар. Бірақ әр сатыда кедергілер кездесуде. Ұстап қалатын, алып қалатын қолдар  бар. Сондықтан «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды қайта қарап,  біліктілік жайлы мердігерлерге қойылатын талапты қазір күшейтіп тастадық. Әкімдердің жауапкершілігі болуы керек, олар таза болуы керек. Олар жеке мүддесін көздемей, халыққа жұмыс істеуі керек.

jasqazaq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.