Н.ЖҮСІП, Сенат депутаты: Намыс дегеннен шығады…

Намыс дегеннен шығады: көрші Ресейдің бір режиссері жеңілжүрісті шешен қыздары туралы кино түсірген көрінеді. Жиырма жасар бір шешен жігіті әлгі режиссердің пәтеріне барып, құбылаға қаратып бауыздапты да «мен мына режиссерді өлтірдім, егер кімде-кім осындай кино түсіретін болса, келесі шешен келіп оны да өлтіреді» деп милицияға хабарлапты. «Жар басындағы жантақты жанынан безген нар жейді» дегендей, Ресейдің бірде-бір режиссері бұл тақырыпқа қайта жоламайтын болыпты.
Қазақстанда пәленбай ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады деп әлемге жар салғанда кеудемізді шар кергендей кердең қағамыз. Өмір бәрімізге бірдей: тұрмыстың тауқыметі бар халықтың басында бар, бірақ көшеге шығып, тәнін сатып тұрған бір түріктің немесе күрдтің, қарашай мен құмықтың қызын көрдіңіз бе? Ұяттан безген ұйғырдың қызы көзіңізге түсті ме? Абыройын айрандай төккен әзірбайжан қызын кездестірдіңіз бе? Тәнін саудалап, топырлап жүрген татар қызын табасыз ба?

adyrna.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.