Н.ЖҮСІП: Сонда қалай болмақ керек
Ауылда тұрып бір-екі сиыр ұстамайтын қазақ отбасылары жетіп артылады. Тым болмағанда тауық пен қаз-үйрек ұстауға болар еді, ол да жоқ. Осынша жеріміз бола тұрып, жайылымдық жер таппаймыз. Шабындық жер табу да үлкен мәселе. Мал ұстауға ниеттенгендер «атаулы әлеуметтік көмектен қағыламыз ба?» деп онша тәуекел ете бермейді. Сонда қалай болмақ керек?Ауылда мамандыққа қайта даярланғандардың кәсібін өркендетуге мемлекеттік үйлестіру шарасы жетпей тұрғандай. Тігіншінің тіккен өнімі сол жергілікті аудан, облыс көлемінде сұранысты өтейтін болса, еңбегі еш болмас еді. Ауыл тұрғындары-ның өндірген сүтін қазір кім алады? Бұрын сүт зауыттары таза сүтті елден жинайтын. Қазір түрлі қоспа қосып, «сүт» деп сата беретін жағдайға жетті. Тоқшылық жолына түсудің орнына, түрлі себеппен жоқшылық жолына түсіп жатырмыз. Бұл қалай?!
aikyn.kz