«Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы құттықтайды

Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Қадірлі жерлестер!

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының атынан Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі болып саналады.  Конституция – еліміздегі әр адамның құқығының кепілі. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.

Бүкіл халықтық референдумда азаматтардың тікелей еріктерімен қабылданған  еліміздің Ата Заңы қоғамның жедел  дамуына жағдай туғызды. Еліміздің Негізгі Заңы барлық жетістіктеріміздің бастамасы  болып табылып,  бүгінде қазақстандықтардың тең құқығы мен мүмкіншілігіне кепілдік беретін маңызды  құжатқа  айналды

Біз әрқашан болашақтан үміт күткен, арманды серік еткен халықпыз. Сол арман-мұраттарға еткен еңбекпен және маңдай терімізбен жете аламыз. Оған халқымыздың ерік-жігері мен рухы жетерлік екеніне сенімдімін.

Мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, Әрбіріңіздің шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Әрдайым  еңбекте толағай табыс және Тәуелсіз еліміздің гүлденуіне көп үлес қоса беріңіздер!

Құрметпен, Облыстық мәслихат депутаты,

«Нұр Отан» партиясы  ТОФ төрағасының бірінші орынбасары

Нұрмахан Жолдасов.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.