Нұртас шағынауданында ауызсу жүйелерінің құрылысы қараша айында аяқталады

Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданындағы жаңа құрылыс аумағын сапалы ауызсумен қамту бойынша биыл маусым айында құрылыс жұмыстары басталған болатын.

Мердігер мекеме «TURAN ENERGO GROUP» ЖШС тарапынан жүргізілген құрылыс жұмыстарының бүгінде 90 пайызы аяқталды. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 40,8 шақырым ауызсу құбырының бүгінде 38 шақырымы орнатылды.

2021 жылдың қараша айында құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, Нұртас шағынауданындағы 850-ге жуық абонент сапалы ауызсумен қамтылатын болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.