О.СӘБДЕН: Бұл соңғы мүмкiндiгiмiз болуы мүмкiн
Осы қиын-қыстау, тағдырлы заманда Қазақстанды «Отаным, жерім, тілім, ділім» деп білетін әр азаматтың бойынан патриоттық сезім қаулап, жарып шығатын уақыт келді. Тағы да айтам: біз ат төбеліндей аз халықпыз, өз-өзіміздің қадірімізді білмесек, онда басқаларға жем боламыз. Құр алақан емеспіз, тарихымыз сонау ататектен: сақ, ғұн, түркі қағанаты, хандықтардан бері текті халық екенімізді білдіреді.
Сол генетикалық күшке сананы, ұлттық иммунитетті оятып, ата-бабалар әруағына сыйынып, елдің бірлігін, келешегін ойлап, эволюциялық өзгерістерге қарай бет түзейік. Бұл соңғы мүмкіндігіміз болуы мүмкін.
«D»