ОҚО-ДА 4,7 МЛРД ТЕҢГЕГЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШІЛІК ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА 7 НЫСАН САЛЫНАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы уақытта мемлекеттік-жекешілік әріптестігі аясында жалпы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын 7 нысан бой көтеретін болады деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.. Қазірдің өзінде 2  балабақша мен 500 орындық емхананың құрылыс жұмыстары басталып кетті. Бұдан бөлек, 11 жобаға конкурс жарияланды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінде жалпы республика бойынша  мемлекеттік-жекешілік әріптестігі аясында жобаларды іске асыруда 5-орынға тұрақтады. Сондай-ақ облыс әкімі  аталған жобаларды іске асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын барлық сала басшылары мен   мәслихат депутаттарына тапсырды.

«Қазіргі таңда Елбасымыз еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту жолында барлық жағдайды жасап отыр. Соның бірі — мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамыту. Бұл қоғамда маңызды жобаларды жүзеге асыруға жеке инвестицияларды тарта отырып тиімді басқаруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді жеке секторға беруге бағытталған мемлекетпен жеке бизнес арасындағы ынтымақтастық болып табылады. Сондықтан үгіт-насихат құралдарын көптеп шығарып, кәсіпкерлерге түрлі салалардағы бірлесіп атқаратын  жобаларды ұсынып отыру қажет», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Басқарма басшысының айтуынша,  жалпы әкімдіктің бастамасымен 34 жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асыру жоспарланған. Заң талаптарына сәйкес тиісті құжаттары рәсімделген 18 жобаның тізбесі облыстық мәслихатпен бекітіліпті.

Өңір басшысы мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамыту мақсатында облысымызда мемлекет тарапынан бөлінетін 95 млрд. теңгенің көлеміндегі жобаларды әзірлеуге шақырды. Бұл ретте әкім балабақшалар мен спорт кешендерін, футбол алаңшалары және отбасылық, студенттік жатақханалардың құрылыс жүргізуге кеңес берді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.