ОҚО ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ ОШАҚТАРЫ КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ МАУСЫМДАРҒА 100 ПАЙЫЗ ДАЙЫН

ОҚО Төлеби ауданындағы білім ошақтары күзгі-қысқы маусымдарға 100 пайыз дайын, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. ОҚО Төлеби ауданындағы білім ұяларының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Биыл  облыстық бюджет есебінен Алғабас, Бірінші Мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінде оқу блогы, асхана, еңбек шеберханасы, спорт, акт зал, кітапхана құрылыстарына қаржы бөлінген. Сондай-ақ жаңа оқу жылында алғабас орта мектебінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Алдағы жылы ауданда  Бірінші мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінің құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.