Өмiрлiк Қиын жағдайға тойтарыс беру

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 түзеу мекемесінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру мақсатында «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасына сәйкес ҚР ҚК-нің 72-бабы бойынша босатылған М.Савенковаға әлеуметтік көмек көрсету туралы мағынасы биік, пайдасы көп әлеуметтік оңалту орталықтарымен дөңгелек үстел өткізілді.

ИЧ-167/4 мекме бастығы, әділет подполковнигі  А.Адильбекова «Қақпа алдында кездесу» атты дөңгелек үстелде қолдау көрсетуге келген қонақтарға алғыс білдіріп, жазасын өтеп шыққан сотталған азаматша М.Савенкова туралы мағұлматпен бірге, жақсы мінездеме берді. Оның мекеменің ішкі күн тәртібіне бағынып, марапаттау шараларына ие болып және мекеменің асханасында жұмыс жасап, талап қарыздан құтылғанын айта келе, алдағы өмірінің жарқын болашаққа толы болып, енді  қайта шалыс баспауына тілектестігін білдірді.

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің САӘПТЖ тобының маманы, әділет аға лейтенанты Б.Төлепбергенов: «Жаза басып түзелген азаматтарға мемлекеттің қамқорлығы жетерлік. Соны баянды етуге баршамыз атсалысуымыз керек»,-деді. Шымкент қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы У.Қысмуратов, ұтқыр әлеуметтік патруль қызметінің маманы Р.Аманбекова, психолог А.Сағымбековалар да белсене  қатысып, өзекті мәселелер талқыланған кеңестің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.

Ал Әл-Фараби ауданы әкімдігінің заңгері А.Қамбаров жазасын өтеп шыққан азаматшаларға заң тұрғысында көмек көрсету жоспарларын көрсетіп, қоғамдық өмірге бейімделудің заңға бағынудан басталатындығын атап өтті. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданы пробациялық қызмет бөлімінің қызметкері және Шымкент қаласы ПД-ға қарасты Әл-Фараби ауданы ІІБ-ның ЖПҚ басқармасының инспекторлары да өз тараптарынан босатылған азаматшаға міндеттері мен құқықтарын түсіндіре білді.

Мекеме қызметкері, әділет аға лейтенанты Н.Соқпанов бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік көмек көрсету бойынша мағыналы баяндама жасап, оны көпшіліктің есіне салды.

Шымкент қаласының «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы У.Қысмуратов  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге төсектік орын, жиһаз беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттары және іш киіммен қамтамасыз ету осы стандартта  көзделген нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылатындығын айтты.

Жіберілген сұрау салу хаттары бойынша түзеу мекемелерінен қылмыстық жазасын өтеген адамдар Шымкент қаласында тұра­тын мекен жайы бойынша анықталып жұмыс жүр­гізіледі. Мекеменің басты мақсаты–түзеу меке­мелерінен босап шыққан азаматтардың әлеу­меттік жағдайын жақсарту. Яғни, құжат­тарды төлемақысыз рәсімдеп, азаматтардың сұранысына байланысты тегін оқу курстарына жіберіп, «Жұмыспен қамту — 2020»  бағдарламасы арқылы жұмыс орындарына орналастыру болып табылатынын да нақтылап атап көрсетті. Көптеген  азаматтар әлеуметтік оңалту орталықтарына тіркеледі.  Ол орталықта жеке  басын  куәландыру  құжаттары  немесе  тұрғылықты  мекен-жайлары  жоқ азаматтар бар болса, азаматтардың өтініштеріне  байланысты  құжаттарын  қайта  рәсімдеп беруге жәрдем береді. Сондықтан  құжат  мәселесі жөнінен  әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға толық  жәрдем  беріледі. Босатылған сотталған азаматша М.Савенкованың  тұрғылықты жері болмағандықтан, өз арызы бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаждығына байланысты Шымкент қаласының «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-ға орналастырылды. Бұл «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының жемісті  орындалып жатқанын айғақтайды.

Н.Соқпанов,

Шымкент қаласы

ИЧ-167/4 мекемесінің инспекторы,

әділет аға лейтенанты

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.