ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫН БАҚЫЛАДЫ

Түркістан қаласында салынып жатқан құрылыс нысандары бекітілген мерзімінде аяқталады. Қаланы абаттандыру жұмыстары да кестеге сай жүріп жатыр. Бұл туралы шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыстың карантиндік режимге сай жүруін бақылап шыққан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты мәлімдеді.

Қала құрылысшыларының жұмыс орындарына келіп-кетуіне жағдай жасалған. Тосқауыл жоқ. Мәселе облыс басшысының жіті бақылауында. Тек құрылысшылар жұмыс барысында тиісті барлық сақтық шараларын қатаң ұстануы тиіс. Сонымен қатар, барлығы күнделікті медициналық тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда құрылыс компаниялары қосымша жұмыс күшін тарта алады.

«Түркістан облысында енгізілген карантиндік режим құрылыс жұмыстарына кедергі келтірмейді. Елдегі болып жатқан ахуалға қарамастан, қала аумағындағы бірде-бір нысандағы жұмыс тоқтатылмайды. Қауіпсіздік шарасын да қатаң ескереміз. Адамның саулығы бірінші кезекте. Жұмыс күшімен толық қамтамасыз етіп, жұмыстан босаған азаматтарды табыс көзімен қамту үшін қалалық әкімдік Нұр-Сұлтан, Алматыдағы құрылыстардан босаған мамандарды жұмысқа шақыра алады. Олардың өңірімізге тосқауылсыз жетуін қамтамасыз етуге көмек береміз»,-деді облыс әкімі. 

Түркістан обылысында 19 сәуірден бастап карантин режимі енгізілді. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғап, халық арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатында қатаң шектеулер қойылды. Халыққа қажетті азық-түлік заттар мен өнеркәсіп, құрылыс нысандарындағы және көктемгі егіс жұмыстарына қажет өндірістік тауарлар мен материалдар, медициналық заттар тасуға рұқсат қағазы бар автокөліктер мен азаматтар және медициналық көмек қажет болған азаматтар ғана облыс аумағына кіріп-шыға алады.

Аймақта құрылыс саласы, көктемгі егіс науқаны, жұмыспен қамту жол картасы, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары карантиндік режимге қарамастан жұмысын тоқтатпайды. Карантин Түркістан қаласындағы 35 құрылыс нысанында 4 мыңға жуық құрылысшы бір ауысымда жұмыс істейді. Барлығы жергілікті тұрғындар.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.