ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КАРАНТИН ШЕКТЕУЛЕРІНІҢ САҚТАЛУЫН ТЕКСЕРДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде карантин кезіндегі санитарлық талаптардың қатаң сақталуын тексеріп, Түркістан қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантинді шектеу шараларын қатаң сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Әсіресе шаһардағы құрылыс алаңдарында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істеуді талап етті. Облыс басшысы құрылыс жұмыстары барысында болып, ондағы карантин шектеулерінің катаң сақталуын тексеріп шықты.

Облыс аумағында бетперде кию тәртібі сақталады. Күшейтілген шектеулерді сақтай отырып, қонақ үйлер мен санаторийлерді қоспағанда, туризм нысандары мен бассейндер, жағажайлар, аквапарктер қызметіне тыйым салынған. Өңірде монша және сауналардың жұмысы тоқтатылды.

Мәдениет нысандары мен мұражайлар жабылды. Мектепке дейінгі барлық балалар мекемелерінің қызметі тоқтады.

Сонымен қатар, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтатылды.

Сұлулық салондары мен шаштараз қызметіне тыйым салынды. Діни объектілердің жұмысы тоқтатылды. 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығуы шектеліп, 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне болмайды. 3 адамға дейін көшелерде, саябақтарда, алаңдарда, субұрқақтарда, жағалауларда, скверлерде халықтың жүруі шектелді. Қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалы тоқтатылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.