Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

QAZAQJOLY.KZ: Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылдың 12 желтоқсанында Түркістан облысында туған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.

Еңбек өтілі

1991-1993 жылдары – президент әкімшілігі мен министрлер кабинеті қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

1993-1995 жылдары – Түркістан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы.

1995 жылдың қараша айынан – ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері;

1997 жылдың қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін – «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы;

1998 жылдың тамыз айынан – ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары;

1998 жылдың 19тамызынан – Қостанай облысының әкімі;

2004 жылдың наурызынан – Астана қаласының әкімі;

2006 жылдың 20қыркүйегінен – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2007 жылдың 27тамызынан – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары;

2009 жылдың 3 наурызынан — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары;

2011 жылдың 26 желтоқсанынан – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы;

2017 жылдың 15 желтоқсанынан – 2019 жылдың 25 ақпанына дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі.

 

АҚПАРАТ көзі: alashainasy.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.