Өнерпаздар концерті онлайн өтуде

Бүгінде әлемді жайлаған қауіпті індет кезінде мәдениет майталмандары әуелеген әні, әуезді күйі, мың бұралған биімен қалың жұртшылыққа рухани күш беруде.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекемелер, соның ішінде Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздары өнерлерін онлайн арнап, көрермен ықыласына бөленіп жүр. Қазіргі жаһанданған, ақпараттық жүйе дамыған уақытта керемет концертті, өңірлік сүйікті өнерпаздар өнерін тікелей эфирде, онлайн тамашалау зор мүмкіндік деуге әбден болады. Бастысы өзіңіздің және өзгенің өмірі мен денсаулығына зиян келмейтіні анық.

Осы орайда, Шымкент қалалық мәдениет үйінің талантты әншісі Астана Қарғабайдың 28 шілде күні, сағат 17.00-де тікелей эфирде өтетін әдемі кешін онлайн тамашалауға шақырамыз. Ән кешін @turkistаn_saray, @Шымкент Мәдениет парақшаларынан тамашалай аласыздар, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.