Өңiрдi өркендетудегi iлкiмдi iстер

Ауданда өндірілген жалпы өнім көлемі 2017 жылдың өзінде 148,4 млрд. теңгені құрап, оның алдындағы жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан болса, 2018 жылы оны 211,4 млрд. теңгеге жеткізіп, яғни 6,5 пайызға арттыру жолында қарқынды іс-қимыл қолға алыныпты. Беталыстың қазіргі қарқыны сарыағаштықтардың оған деген нық сенімін байқатып отыр.

Аудан бюджетінің өткен жылғы ішкі өзіндік кірістері 1,1 млрд. теңгеге, 34,9 пайызға көбейіп, бюджеттің шығыс жағы 52,4 млрд.теңгені сұраған болса, биылғы жылдың ішкі өзіндік кірісін 100млн. теңгеге молайтып, бюджеттің шығыс жағының көлемін 53,2 млрд. теңгемен аяқтауды межесіне жету жұмыстары жанды қолға алыныпты.

Ауданда өткен жылы 131 нысанның жұмысы жүргізілген болса, биылғы жылы 62 нысанның құрылысын жүргізу қарқынды қолға алыныпты. Оның ішінде: білім саласында – 18 нысан, табиғи газбен қамтуда – 11, таза ауыз сумен қамтуда – 10 нысан, электр қуатымен сапалы қамтуда – 6, тұрғын үй құрылысы мен реконструкциялауда – 13 нысан, т.б. болып тұр.

Ауданда биылғы жылдың алты айында белсенді шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік субъектілері саны 25200 бірлікті құрап, ондағы жұмыс істейтіндер 47400 адамға жеткізілген. Өткен жылмен салыстырғанда шығарған өнімдері мен көрсеткен қызмет көлемі 103 пайызға көтеріліп, 35,5 млрд. теңгені құрап, бюджетке түсетін салық көлемі 112 пайызға артқан.

Биылғы жылы аудандағы шағын несие беру ұйымдары тарапынан 3506 адамға сомасы 2,5 млрд. теңге көлемінде несие беріліп, соның арқасында 4 мыңнан астам адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген.

Ауданда индустриялы-инновацялық даму бағдарламасы аясында қолға алынып, өмір­шеңдік тауып жатқан игі істердің барын ерекше айтып өтуге болады.

Биылғы жылы пайдалануға берілетін «AIВI-I» ЖШС-нің құны 251 млн. теңгені құрайтын қыш зауыты 70 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етумен бірге, құрылыс материалдарын көрші мемлекеттен тасуды тоқтатып, өзіміздің отандық өнімді пайдалануға мүмкіндік беретінін айтпай кету әділеттік бола қоймас. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер «Қашқынбаев Б.Ж» 227,4 млн. теңгеге салып, осы жылы іске қосатын темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт 30 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етпек.

Ауданда 2017 жылы 30,8 млрд. теңге инвестиция тартылған болса, оны биыл 35 млрд. теңгеге жеткізу межеленіп, оның тиісті негіздері жасалған көрінеді. Тартылған инвестицияны тиімді жұмыс істетудің нәтижесінде ауданда 720 млн. теңгенің 4 жобасы 2018-2019 жылдары іске қосылып, 90 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылатын болады.

 

Жалғасы бар.

«Қазақстан жолы» газеті, №32 (677) 29.08.2018 жыл.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.