Оңтүстік көш бастап келеді

«Әлемдік тұрақсыздықтың басты қатері — жұмыссыздықтың өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік те, салалық та — барлық бағдарламалар, тек әлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан Үкіметке және әкімдерге  төмендегіні іске асыруды тапсырамын: Кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі бұрын қабылданған барлық бағдарламаларды ықпалдастыру. Бюджеттік қаражатты жұмыссыздардың және кірісі аз адамдардың көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу тетіктерін әзірлеу.». Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдеріне «Қазақстан- 2050»  Стратегиялық Жоспарында осындай тапсырма жүктеген болатын. Оңтүстік Қазақстан Елбасы жүктеген міндеттерді мүлкіксіз орындап келеді. Оған дәлел облыста жыл басынан бері 30 мыңнан астам, нақтырақ айтқанда, 30348 жұмыс орны ашылған. Жаңа жұмыс орындарының құрылуы бойынша күнгей еліміздегі барлық облыстар ішінде көш бастап тұр. Ал ашылған жаңа жұмыс орындарына 4127 азамат жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасыпты. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары хабарлады. Тарқатып айтсақ, 2017 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мәліметке сәйкес, жаңадан ашылған жұмыс орындарының ішінде 1667 орын «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша, 1030 орын «Нұрлы жер»,  115 жұмыс орны «Индустриялды-инновациялық даму»,  396 орын «Бизнестің жол картасы 2020», 18134 орын мемлекеттік салалық бағдарламалар арқылы құрылса, 7627 орын «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы мен 1379 орын «2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған.

Дерексөздер: oinet.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.