ОТЫРАР АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Қоғамда парасаттылық идеялогиясын ілгерілету мақсатында Отырар ауданының орталық кітапханасында тұсауы кесілген «Парасат жолы» орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабайдың қатысуымен рухани кездесу өтті.

Туралық пен шыншылдық, адамгершілік пен ар тазалығының мән-мазмұны кең көлемде сөз болған шарада ауданның зиялы қауым өкілдері мен ардагерлері, ұлағатты ұстаздар қауымы мен кітапхана қызметкерлері белсене қатысып, ізгілік, даналық, әділдік сынды құны биік қасиеттердің құндылығын қазбалады.

Мәдениет пен руханияттың тоғысқан ордасы саналған кітапханада өткен игі шарада бірегей жаңа жобаның мақсаты мен міндеті ортаға салынып, орталықтың алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

Игі шара соңында Мирас Асқарбайұлы бұл аталмыш орталықтың кітапханада ашылу себебіне айрықша тоқталып, мәдениет пен әдебиеттің тоғысқан мекені арқылы кітап сүйер оқырманның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екендігін жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.