Өзге әлемнiң қақпасы

Пиреней тауларының қақ жүрегінде, француз қаласы Кусеранстың маңында «18-алқап» деген атауға ие болған жер бар. Дәл осы жерде әрбір 50 жылда түсініксіз оқиғалар болып тұрады. Осындай соңғы оқиға 1972 жылдың қыркүйек айында орын алған.

Тургуилла алқабын Пиреней тауларының 11 шыңы қоршап жатыр. Ал ортасында мөп-мөлдір де көгілдір сулы, аса көрікті Алет көлі орналасқан. Бұл алқап туралы ел аузында жүрген аңыз әңгімелер жетерлік. Сол аңыздардың біріне сенсек, бұл жерлерде әйел басты қасқырлар тіршілік ететін көрінеді. Ал Алет көлінің суына түскен көптеген адамдар із-түзсіз жоғалып кете бергендіктен, адамдар мұнда келуге батына бермейді.Елдің айтуынша, айна көлдің жағасында кештетіп жүрген саяхатшыларды арбап, өзге әлемге алып кететін сиқыршылар  тұратын көрінеді. Осылай жоғалып кеткен адамдардың бірнеше аптадан кейін оралғандары да болған. Бірақ, олар осы бірнеше аптада бірнеше жылға қартайып, қайдағы бір қорқынышты әңгімелерді айтып келеді екен. Оларға, әрине, ешкім сене қоймайды. Өкініштісі, «ол жақтан» қайтып келгендердің бәрі бірнеше айдан кейін жынданып кеткен.Сонымен, 1972 жылдың қыркүйек айында жас геолог Поль Леблан өз тобынан көз жазып, Алет көлінің маңындағы Тургуилла алқабында адасып қалады. Қатты алаңдаған жолдастары Польді түні бойы іздейді, ертеңіне құтқару тобын шақырып, бірнеше күн бойы тікұшақпен алқаптың түкпір-түкпірін тінтіп шығады. Бірақ, Поль жерге сіңіп кеткендей, сол күйі табылмайды.Поль екі айдан кейін Гузе-Нейж қаласындағы демалыс аймағынан бой көрсетеді. Жергілікті тұрғындар оның әңгімелері мен ретсіз сұрақтарын естіп, қатты таңқалады. Геолог өзінің жасы отыз үште екенін айтады, бірақ, алдарында ең кемі елудегі қартамыс адам тұр еді. Бұдан бөлек, ол ұзақ жыл шіркеуде қызмет етіп, жергілікті халықпен бірге құдайдан әйелбасты қасқырлардан қорғауын сұрап жалынғанын айтады. Поль бір кездері өзінің геолог болғанын ұмытпаған, бірақ оның ойынша, одан бері өте көп жылдар өткен. Әрине, мұны естігендер оны есінен адасқан деп ойлайды, ал әлгі алқап туралы әңгімелерден хабары бар енді біреулері оған сенеді. Демек, аңыздың аңыз емес, шындық болғаны ғой!

Қазір Алет көлінің маңында ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қызық, олар не айтар екен?

Дайындаған К.ТІЛЕПОВА.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.