«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ: «НАУРЫЗ КЕЛДІ-ҚҰТ КЕЛДІ» АТТЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Наурыз – көктем мерекесі, жыл басы. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығында 6698 әскери бөлімінің жеке құрамымен «Наурыз келді-құт келді» атты этнографиялық сайыс өтті.
Шараның мақсаты – ұжымда парасаттылық құндылықтарын, ұлттық салт –дәстүр мен әдет – ғұрыпты дәріптеу болып табылады.


Сайыстың бірінші кезеңінде сарбаздар «Наурыз бата» айтудан жарысқа түссе, екінші кезеңде қойылған викториналық сұрақтарға жауап берді. Соңғы кезеңде ұлттық мерекелер мен түрлі жиын-тойлардың көркі болған білектілердің сайысы қол күрес пен арқан тартыстан жарыстар өткізілді.
Этнографиялық сайыста әскери бөлімінің сарбаздары белсенділік танытып, қызықты өткен тартыста «Сұңқар» тобы бас жүлдені иеленіп, марапатталды. Патриоттық жігер мен рухты қалыптастыру мақсатында кештің соңы «Наурыз-думан» әніне ұласып, сарбаздардың елжандылық рухы көтеріліп, тың серпіліспен, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.