Педагог қызметкерлердің сапалық құрамын арттыру

Жыл сайын «Өрлеу» БАҰО Шымкент қаласы филиалында, Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда.

2025 жылы 85%-ға жетеді деп күтілуде және педагогтар еңбекақысы 2 есеге ұлғайып, орташа еңбекақы 253 мың теңгені құрайды деп жоспалануда.

Ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ:

— Педагогтердің біліктілігін арттыру — 5658

— Педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру — 12000

— Пән мұғалімдердердің ассоциациясын құру — 17 пән бойынша

— Кадрлық резерв институтын құру — 186

Нәтижесінде Республикалық «Үздік педагог» байқауына 21 педагог ұсынылды, қаламыз «Күнделік kz» — республика бойынша екі рет «Алтын түйме» иегері атанылды, Кадрлық резервтің 28 үміткері мекеме басшылығына арналған тест тапсырып шекті балл жинаған. 6 үміткер директор болып тағайындалды, біліктілік деңгейі бар педагогтар үлесі – 61,5 (1553 педагог) жылдың соңына дейін санатын көтереді.

Аталған бағыттағы өзекті мәселелер:

— Орыс тілінде сабақ беретін педагогтар тапшылығы – 106.

Шешу жолдары:

— Орыс тілінде оқытатын педагогтар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында жергілікті ЖОО меморандум жасалып, 2020-2025 жылдар аралығында педагог мамандар даярланланатын болады, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.