«ПРОБАЦИЯ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТУДЕ

2021 жылдың 15 наурызы мен 24 наурызы аралығында «Пробация» атты про-филактикалық іс-шара басталды.

Аталған іс-шараны өткізу барысында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның ЖПҚ қызметкерлерімен, Шымкент қалалық ҚАЖД-ға қарасты Шымкент қалалық №1 Пробация қызметі қызметкерлерімен тіркеуде тұрған сотталғандарды мекен-жайларын күшейтілген кестеге сәйкес тексерулер ұйымдастырылып, жаза өтеуден жалтарып жүргендерді іздестіру жұмыстары атқарылады.

Мұндай бірлескен іс-шаралар республика көлемінде тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалған құқық бұзу-шылықтардың және қылмыстардың алдын алу, жаңадан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сотталғандарды оң жолға бағыттау болып табылады.

М.Оразалиева,

Шымкент қалалық №1 Пробация қызметі бөлімі аға инспекторы,

әділет аға лейтенанты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.