Р.ЗАЙЫТОВ, ақын: Тал бесiктен жер бесiкке дейiн пара берiп жүрген халық …

2020 жылы 20 млн. боламыз деп ұрандатқан билік қазір көпбалалы аналарды зар жылатып жатыр. Болашағымызға алаңдаймын, мысалы, баланың перзентханада туылуына пара беруің керексің. Балабақшаға тіркеу үшін тағы беру керексің. Дұрыс мектепке орналастыру, жақсы бітірткізу, оқуға түсіру, зейнетке жақсы шығу үшін, тіпті өлгеннен кейін жер бұйыру үшін пара беру керексің. Тал бесіктен жер бесікке дейін пара беріп жүрген халық, әрине, алаңдамай қоймайды. Қалтасында бір тиыны болмаса, мен қайда барам деп уайымдайды. Біздің билік ұрандатып жүрген “тұрақты, экономикасы дамыған” мемлекетті мен де көргім келеді. Мен тұрып жатқан мемлекет ондай деп айта алмаймын. Түрлі бағдарламалар жасалады, бірақ бірі орындалып жатқан жоқ. Коммерсанттар билікке келгеннен кейін, барлығы алып-сатарларға айналды.

adyrna.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.