Робот-хирург 150 ота жасады

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасы Senhance робот-хирургына күрделі ота жасауға рұқсат берді. Робот ішкі органдардың жарақаттарына ота жасауға қауқарлы және ол ең тиімді әрі тез лапароскопиялық хирургияны жасай алады.

Senhance роботымен ота жасалған 150 науқастың ішінде ішек операциясына мұқтаж 45 адам болған. Роботтың микроскопиялық кесіктері операция уақытын шамамен 30% -ға қысқартуға ғана емес, сонымен бірге науқастар денесінде тыртық қалмауына мүмкіндік берді. Зерттеушілердің пікірінше, кіші инвазивтік хирургия үшін роботтарды қолдану медициналық қызмет сапасының айтарлықтай өсуіне ықпал етеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.