С.ӘБІКЕНҰЛЫ, қаламгер: Арсыздық пен азғындықтың демократияға түк қатысы жоқ…

Абыройсыз дүниемен абыройлы боп жүргендер көбейді, қыздарды қоя бер, біреудің байын, әйелін, көйлегін, лыпасын өсектеп отырған еркек-журналистерді көргенде қаның басыңа шабады. Қоғамың да, қазағың да, саясатың да – бәрібір, өсек отын қаулатып, өлексе-сөзге көпті құзғынша шулатып, сол шудың арасында беті жылтырап отырса болғаны. Сайт, газеттер де кейде сол Кетналардың өсек-аяңын қыстырып, рейтинг жинайды. Бас редакторлар құзғын лекке қосылмай, әлгілерді сыпайы сөзбен шығарып салып отырса ақпарат әлемі дәл бұлай арзандамас еді, түйені “құлынның мамасы” дейтін жартыкешті ешкім жарнамаламас еді. Шаш жұлысқан көкбет қыз, ернін бояған қызтеке ұл эфирге жоламас еді. Арсыздық пен азғындықтың демократияға түк қатысы жоқ, қайта осы екеуі соның қабіршілері.

«Ф»

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.