С.Елубай: Бұдан арылар күн бар ма?

Бүгінде төңірек толған тілсіздікті көр­генде қолымызды төбеге қойып қаң­ғып кеткіміз келеді. Бірақ ешқайда кете алмайсың! Күрсінесің де қоясың. 70 пайызға жеткеніне қарамастан тіл майданындағы сол тоң, сол сең әлі бұзылар емес! Қозғалар емес! Қала қазақтары тіптен өздері-нің қазақ екендігін, өз тілі бар екендігін ұмытып қалғандай. Ал қазақ тілі қайда жүр? Қазақ тілі алақан жайып, өзінің мемлекеттік мәртебесін орыс тілінен сұраумен жүр.
Қазақстанда тіл саясатының қырын кеткені сонша, Америка, Еуропа, Қытайда оқитын қазақ студенттері өзара орысша сөйлесетін болды. Сөйтіп өзге жұрттар алдында өз ұлтын масқара етумен жүр. Қазақтың «Өз тілі жоқ халық» екенін дәлелдеп жүр. Кезінде Жириновский «Қазақ – өз тілі жоқ халық!» деп еді. Сонда біз «Жала!» деп шу етіп едік. Енді, міне, өз жастарымыз әлемде Жириновскийдің сол сө­­зін растап жүр. Мұны қазақ тілінің басына үйірілген бұлт демегенде не дейміз?! Бұдан арылар күн бар ма?

qazaquni.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.